АСТАНАДА ҚҰРБАН ШАЛУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

16 маусым 2024 1242 0
Оқу режимі

Бүгін Құрбан айттың алғашқы күнінде ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың ұйымдастыруымен елорда мешіттері малдарды құрбан шалу рәсімін бастады.

Имамдар мал бауыздаушы қасапшыларға шариғат бойынша мал сою мен құрбан шалудың үлгісін тағы бір түсіндіріп, пысықтап шықты.

Айта кетсек, құрбан шалу рәсімі Астана қаласында онлайн және оффлайн түрде жүзеге асады. Онлайн шалам деушілер www.qurban2024.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Астана қаласында құрбан шалатын орындар:

1. «Шанхай» (Байконур) - За рынком Шанхай

2. «Баракат» (Байконур) - Улица А 369, 10

3. «Жайлау» (Байконур) - Улица С 754, зд. 1

4. «Шопан-Ата» (Байконур) - Шоссе Алаш, 27/2

5. «ЖМ Железнодорожный» (Алматинский) - Акжар, 20

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

7 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам кескіні болуы мүмкін

10 адам және бұғы кескіні болуы мүмкін

12 адам кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру