АСТАНАДА ҚҰРБАН ШАЛАТЫН ОРЫНДАР ДІНИ РӘСІМГЕ ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫН (ФОТО)

15 маусым 2024 1059 0
Оқу режимі

Қасиетті Құрбан айтқа орай Астана қаласында малдарды құрбан шалатын қасапханалар діни рәсімді атқаруға толықтай дайын.

Мал буыздайтын, бас үйітетін, ішек-қарын тазалайтын және ет қабылдау пунктері құрылып, арнайы баннерлер ілінді.

Еске салсақ, кеше ғана ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзі арнайы келіп, қасапханалардың тазалығы мен дайындығын бақылаудан өткізген болатын.

Айта кетсек, құрбан шалу рәсімі Астана қаласында онлайн және оффлайн түрде жүзеге асады. Онлайн шалам деушілер www.qurban2024.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Астана қаласында құрбан шалатын орындар:

1. «Шанхай» (Байконур) - За рынком Шанхай

2. «Баракат» (Байконур) - Улица А 369, 10

3. «Жайлау» (Байконур) - Улица С 754, зд. 1

4. «Шопан-Ата» (Байконур) - Шоссе Алаш, 27/2

5. «ЖМ Железнодорожный» (Алматинский) - Акжар, 20

шөп кескіні болуы мүмкін

Фотосурет сипаттамасы жоқ.

1 адам, ағашматериалдар қоймасы, сырғымалы есік және сарай есігі кескіні болуы мүмкін

2 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

мәтін кескіні болуы мүмкін

мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

мәтін кескіні болуы мүмкін

мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру