АСТАНАДА МЕРЕКЕЛІК МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ

23 тамыз 2026 245 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Адалдық – Пайғамбар өсиеті» атты рухани Мәуліт кеші өтеді.

Мәні терең рухани кеште Мұхаммед пайғамбарымыздың адамгершілік пен ізгілікке үндеген өнегесі насихатталып, тағылымды, рухани бағдарламалар ұсынылады.

Кештің арнайы қонақтары қатарында Қазақстанның халық әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов пен Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, сондай-ақ айтыскер ақын, жазушы Арман Бердалин бар.

Рухани Мәуліт кеші 30 тамыз күні сағат 15:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді.

Кешке зиялы қауым өкілдері, дін қызметкерлері және қала тұрғындары қатысады.

Билеттер жуырда сатылымға шығады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру