АСТАНА ӨКІЛДІГІ: «ЖАСТАР ІСІ» СЕКТОРЫ ПЕТРОПАВЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ (ФОТО)

23 сәуір 2024 1185 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің «Жастар ісі» секторы еліміздің су басқан аймақтарының бірі Петропавл өңіріне гуманитарлық жүк көлігін жіберді.

Игі шараға Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов және ҚМДБ «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Бағжан Күзекбай, Астана қаласы «Жастар ісі» секторының жетекшісі Рахымжан Талғатұлы мен белсенді жастар қатысты.

 Игі шарада қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы:

«Ассалаумағалейкүм, құрметті қазақ елі! ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіретіміз «Қиындықта ел бірге» атты үлкен жобаны қолға алған болатын. Аллаға шүкір, бүгін осы жоба Астана қаласында жалғасын табуда. Астана қаласы өкілдігінің «Жастар ісі» секторы бүгін Петропавл өңіріне гуманитарлық көмек жіберуде. Осы шараға атсалысқан барша жандарға Алла екі дүниенің жақсылығын берсін!», деп ізгі тілегін білдірді.

Айта кетсек, Астана қаласы өкілдігінен еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек фуралары үздіксіз жөнелтіліп келеді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру