Арман Қуанышбаев «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты (ФОТО)

14 маусым 2019 7138 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласына арнайы іссапармен келген РАНТ мүшесі, белгілі уағызшы Арман Қуанышбаев бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты. Еліміздің Бас мешітінде әдетте жұма күндері 15 000-нан астам жамағат жиылып, орасан құлшылық ордасы ішінен орын табылмай жататын. Алайда, бүгінгі жұма намазына жиылған жамағаттың қатары әдеттегіден де асып түскендей.

Мешіт мінберіне көтерілген Араман Қуанышбаев ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспар бойынша жамағатқа «Уақыттың қадірі» тақырыбында ой толғап, ғибратты уағыз айтты. Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінен мысал келтіре отырып, ұлы нығмет – уақытты бағалай білуге шақырған ғалым уағызы жамағат жүрегіне жол тапты. Саналы адам үшін өмірдің әрбір сәті қадірлі болуы тиіс екенін тағылыммен түсіндіріп, алтыннан қымбат уақытты алдамшы дүниеге айырбастамауға үндеді.

Айта кетейік, белгілі ғалым бүгін екінті намазынан соң «Нұр-Астана» мешітінде кездесу өткізетін болады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру