«AQ MESHIT» МЕШІТІ СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР ҚОРАПТАРЫН ТАРАТТЫ (ФОТО)
12 наурыз 2026
150
0
Оқу режимі
«Aq meshit» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов пен мешіт жамағатының ұйымдастыруымен колледж жатақханасындағы студенттерге ауызашар бокстары үлестірілді.
Іс-шара барысында жастарға Рамазан айының қадір-қасиеті, тәрбиелік мәні және оразаның рухани пайдасы жайында тағылымды әңгіме айтылды. Студенттерге ықыласпен дайындалған ауызашар тағамдары таратылып, ақжарма тілектер айтылды.
Пайғамбарымыз (ﷺ) айтқан: «Кімде-кім ораза ұстаған адамға ауыз аштырса, оған да сондай сауап жазылады» (Тирмизи).





Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру