АЛМАТЫДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХХХVІ МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

27 желтоқсан 2022 2258 0
Оқу режимі

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің ХХXVІ мәжілісі басталды.

Мәжілісті ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Биылғы 2022 жылды өздеріңіздің қолдауларыңызбен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп жарияладық. Осы жыл аясында республикалық конференциялар, өңірлік форумдар өткіздік. Жыл соңында «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» кітабын басып шығардық. Сондай-ақ биыл ҚМДБ жанынан Сарапшылар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесін құрдық. Бұл бастама мемлекет және қоғам тарапынан да үлкен қолдауға ие болды. Ағарту саласы бойынша да «MUFTIYAT» баспасынан бірнеше жаңа кітап оқырманға жол тартты» деді.

ҚМДБ Төрағасы сондай-ақ Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келе жатқанын алға тартып, биыл кеңес жұмысы 3 рет өткенін, онда 5 құжат 16 пәтуа қабылданғанын атап өтті.

Айта кетсек, Ғұламалар кеңесінің ХХXVІ мәжілісінде «Көлікті көлікке айырбастау (бартер) үкімі»«Сақтандыру қызметі туралы үкім»«Меншігінде жоқ затты сатудың үкімі»«Электронды темекіні қолданудың үкімі» және т.б. пәтуалардың мәтіні талқылануда. Басқосуда бұдан бөлек ҚМДБ-ның бірқатар жобаларының мазмұны қаралуда.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру