200 имамға жалақы тағайындалды (ФОТО)

28 мамыр 2022 2577 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кіші Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның 200 дін қызметкеріне берілетін жәрдемақы тағайындалғаны хабарланды. Бұл туралы Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай баяндады.

«ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфти еліміз бойынша жалақымен қамтамасыз етілмеген мешіт қызметкерлерінің нақты санын анықтап, олардың мәселесін шешуді тапсырған болатын. Осыған орай қазіргі таңда еліміз бойынша 800-ден астам дін қызметкері жалақы алмайтыны нақтыланды. Бас мүфтидің бастамасымен соның ішінде 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалып, сәуір, мамыр айларының еңбекақысы берілді», – деп атап өтті Кенжетай Дүйсенбай.

Айта кетейік, еш жерден жалақы алмайтын, көпбалалы, жұмыс өтілі жоғары имамдарға ғана жалақы тағайындалды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру