БАЛА ТУРАЛЫ МАҚАЛ -МӘТЕЛДЕР
Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады.
*
Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.
*
Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар.
Атадан жаман ұл туса, ат үстінде ит қабар.
*
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
*
Ананың сүті – бал, баланың тілі - бал.
*
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
*
Ұл туғанда күн туар.
*
Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.
*
Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.
*
Балалық шағы, патшаның тағы.
*
Ойнақтаған бала от басады.
*
Жылайын деген баланың үш күн бұрын көзі қышиды.
*
Өлер бала көрге қарай жүгіреді.
*
Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды.
*
Адам болар бала қонаққа үйір.
*
Өсер елдің баласы бірін - бірі батыр дейді, өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дейді.
*
Кісі болар баланың кісесінен таниды.
*
Бала тілі бал.
*
Бала, баланың ісі шала.
*
Болатын бала боғынан.
*
Баланы – жастан, қатынды – бастан.
*
Алты жасар бала алыстан келгенде, алпыстағы ақсақал сәлем берер.
*
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
*
Балалы үйрек көлден кетпес, баласы жас елден кетпес.
*
Баланың сөзі батпандай.
*
Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.
*
Басқа келген бақты кесірлі бала қашырады.
*
Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі.
*
Балалы үйдің ұрлығы жатпас
*
Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.
*
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
*
Қонағын жақтырмаған баласын ұрады.
*
Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас.
*
Ұлың өссе үлгілімен ауыл бол.
*
Өз ұлың өзекке тепсең де кетпес.
*
Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.
*
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
*
Әкесі құрдастың баласы құрдас.
*
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
*
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
*
Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ.
*
Бұқа болар бұзау, биттейінен белгілі.
Батыр болатын бала, титтейінен белгілі.
*
Өсер елдің баласы, қозысын күтіп қой қылар.
Өспес елдің баласы, қозысын сойып той қылар.
*
Артында баласы қалса, көзі қалды де.
Артында сөзі қалса, өзі қалды де.
*
Жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың, өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың, бұқарада пұлы бар.
*
Арғымақ аттың баласы, аз оттап көп жусайды.
Асыл ердің баласы, аз сөйлеп, көп тыңдайды.