Мәйітті қай жаққа қарату керек: құбылаға ма, батысқа ма?
Басқа жақты  білмеймін, Қызылордада мазарлар әртүрлі: бірі батысқа қараса, бірі құбылаға қарап тұрады. Мәйітті жерлеп жатқан адамдардан дұрыс-бұрыстығын сұрасаң, «Мен басын құбылаға қаратып жатырмын» дейді. Басын батысқа қаратқандар да «Құранда жазылғандай, жүзін құбылаға қаратып жатырмын» дейді. Бұл жайында молдалардан сұрасаң, олардың да сөзі әртүрлі, дұрыс түсіндіре алмайды. Сонда дұрыс жерленбеген аруақтардың обалы кімге? Ибраев Балтабек, Қызылорда қаласы.

Балтабек мырза, мәйітті қоярда «Бисмилләһи уә алә милләти расулилләһ» деп оң жақ бүйірімен жүзін құбылаға қаратып қояды[1]. Құбыла еліміздің батыс тарапында болғандықтан, кейбір имамдардың «бетін батысқа қараттым» деуі сол құбыланы меңзеген болуы керек.

Егер қабірді топырақпен жауып қойып, кейін мәйітті құбылаға қаратпағанын байқаса, онда қабірді қайта ашудың қажеті жоқ. Ал топырақпен көмбей, тек лақатты қыш кірпішпен қалап қана қойып байқаса, онда лақатты ашып, мәйітті құбылаға бұрып көмгені жөн.[2]

 [1] Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы: Жаназа пәтуасы, 20 бет.
      М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы  279 бет;
      H.Donduren, Delilleriyle Islam Ilimhali, 496 бет.;
 [2] Кәсәни Бадайғ: 2-том,  357 бет
Абдусамат Қасым
date24.01.2013readCount6608categoryЖаназаprintБасып шығару