old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Тіске пломба салу емдік мақсатта болғандықтан, алдын ала ғұсыл құйынудың не дәрет алудың қажеті жоқ. Себебі, тіске салынған пломба – жарақат үстіне оралған таңғыш іспетті. Ал шариғатта су денедегі жарақатқа зиянын тигізсе, жарақат таңылып, ғұсыл мен дәретте сол таңылған орамалға мәсіх тартылады. Алдын ала дәретті болу шарт емес [1].
Сондай-ақ, Имам әл-Маусули өзінің Ихтияр ли Тағлилиль Мухтар атты еңбегінде былай дейді: «...Егер аяғының жарылған [2] жеріне дәрі жақса және жағылған дәріден теріге су жұқпайтын болса, дәрінің үстінгі бетінен судың ағуы жеткілікті» [3]. Сондықтан да, ауызды шайғанда пломбаның салдарынан тісіңіздің ойығына су тимей жатса, оның ғұсылға еш кедергісі жоқ.