old.muslim.kz Ер кісілердің көзіне сүрме жағуына бола ма? - Muslim.kz
Ер кісілердің көзіне сүрме жағуына бола ма?
Ассалаумағалейкум! Шариғатымызда сүрме жағуға рұқсат етілген дейді. Сіздерден сұрайын дегенім, соны ер кісілердің де жағуына болады ма? 

 

Уа алейкум ассалам!  Ақиқатында, сүрме жағу – ер кісілерге де, әйел кісілерге де сүннет. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Сүрме/исмид қолданыңдар, өйткені ол көздің көруін жақсартады және кірпікті өсіреді»[1].

Ал, пайғамбарымыздың сенімді серігі болған Ибн Аббастың (р.а.) риуаятында: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүрмені жаққанда, оң көзінен бастайтын. Әуелі оң көзіне үш мәрте, содан кейін сол көзіне екі мәрте жағатын еді»,[2] дейді.

Осы тұста бір анықтай кететін жайт, сүрме жағу – ерлердің әйелдерге ұқсауы деген сөз емес, бұл емдік мақсатта қолдану ғана.  Біздің әдет-ғұрпымызда сүрме жағу болмағандықтан ерсі көрінуі мүмкін. Сондықтан кешкілік уақытта қолданған дұрыс болса керек. 


«Әзірет Сұлтан» мешітінің 
наиб имамы Ғазиз Ахмет.



[1] Тирмизи, Ибн Мәжә, Сүнән.
[2] Тирмизи, ән-Нәсәи, Сүнән

date18.10.2017readCount4236categoryӘртүрліprintБасып шығару