old.muslim.kz Қалыңдықты қалай таңдаймыз? - Muslim.kz
Қалыңдықты қалай таңдаймыз?
Ассалаума ғалайкум! Мен үйленгім келеді. Бірақ Исламда қалыңдықты несіне қарап таңдау керек? 

Уағалайкумсалам! Исламда отбасын құру өте маңызды мәселе. Әрине отбасын құру үшін қалыңдық таңдаудың да өзіндік тәртібі мен мұстахап амалдары бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

«Әйелге төрт нәрсе үшін үйленеді; мал-мүлкі, әулеті, сұлулығы және діндарлығы үшін. Сен діндар болған әйелді таңда берекеге кенелерсің»[1] деген.

Хәкім, Абай атамыз да осы тұрғыда:

«Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма», –  деп қандай дөп айтқан десеңші

Жар таңдаудағы негізгі критерия оның иманды, арлы, ақылды әрі тақуа болуы болса керек. Осымен қатар, жоғарыдағы өзге сипаттар да бойынан табылса нұр үстіне нұр болмақ. Мысалы ғалымдардың жар таңдаудағы тізбегіне қарағанда қалыңдықтың мәһірінің аз, бала тапқыш, (денсаулығының мықты әрі баланы жақсы көретін болуы), намысты, (табалдырық аттамай етегінің түрілмеген) қанағатшыл, әулетті отбасыдан (танымал, иманды отбасыдан), сұлу және жақын болмауы (қазақ халқында жеті атадан бері алмауы) абзал, мұстахап амал[2].


[1] Бұхари риуаят еткен, Неке бабы 15 хадис.

[2] Хамди Дөндүрен, Дәлелдерімен Исламғылымхалы,  137-139 бет. 

date04.10.2017readCount3865categoryОтбасыprintБасып шығару