Вахтамен жұмыс істейтін адамның намазы қалай болады?
Басқа қалада 30 күн вахтамен жұмыс істейтін адам намаздарын қалай оқуы керек, қысқартып па әлде үйдегідей толығымен бе?

Егер жолаушы үкіміндегі адам[1] баратын жерінде он бес не одан да көп күнге тұрақтап жатса, онда ол сол жердің тұрғыны саналып, жолаушы үкімінен шығады. Бұл жағдайда парыз намаздары  қысқартылмай, әдеттегідей сүннеттерімен қосып толық оқылады. Сіздің вахталық жұмысыңыз 30 күнге созылатындықтан, барған жеріңізде  намаздарыңызды толығымен оқисыз.

 [1] Кем дегенде 85-90 шақырым ұзақтықтағы жерге жолға шыққан адам.
Абдусамат Қасым
date21.01.2013readCount5736categoryНамазprintБасып шығару