Бала түнде дұрыс ұйықтау үшін не істеу керек?
Сұрақ: Дүниеге келген нәрестеге түнде ұйқысы дұрыс болуы үшін қалай дем салса болады? 

Жауап: Алла елшісі (саллә-ллаһу‘аләйһиуә сәлләм) немерелері Хасан мен Хусейнге былай деп дұға ететіні айтылады:

«У’изу-кумә би-кәлимәти-Лләһи-т-тәммәти мин кулли шәйтанин уә һәммәтин, уә мин кулли ‘айнин-ләммәһ!»

Аудармасы: «Алланың кәміл сөздерімен Ол сендерді кез-келген шайтаннан, әрі түрлі зиянкес жәндіктерден және сұқ  көзден сақтасын деп Оған сыйынамын!»

Жоғарыдағы дұғаны ата-анасы оқыса болады. Бұған қоса ыхлас, фалақ, нас секілді сүрелерді оқып тұрса нұр үстіне нұр.

date25.09.2017readCount3434categoryОтбасыprintБасып шығару