old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Тәшәһһуд отырысында әйел адам екі аяғын бүгіп оң жағына жібереді. Яғни, сол жақ аяғын оң жақ санының астынан өткізіп, бір жақ жамбасына отырады [1]. Мұндай отырыс әйел табиғатына сай әрі жинақы көрінеді. Мұны «тәуәррүк отырысы» дейміз [2]. Бұған төмендегі хадис дәлел бола алады:
Абдулла бин Омар (р.а.) риуаят еткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әйел баласы намазда сол жақ аяғын оң жақ санының астынан өткізіп отырады. Ал сәждеде ішін санына тигізсін. Әйел үшін осылай жинақы болады. Алла (осылай отырып оқыған әйелге) қарап періштелеріне: «Уа періштелерім! Куә болыңдар, мен бұл әйелдің күнәсін кешірдім», – дейді» деген [3].