Уақыты келген намазды машинада оқысам болады ма?
Таңертең жұмысқа ерте шығамын. Мен автобуспен жұмыс орныма жетемін дегенімше, таң намазының уақыты өтіп кетеді. Осындай жағдайда автобуста отырған жерімде оқысам болады ма?

Ханафи мәзхабы бойынша нәпіл намаздары мен сүннет намаздарын көлікте оқыса болады, ал намаздың парызын «мүмкіншілік болса» тоқтап, жерде оқу керек.  Көлікті тоқтату мүмкін болмай жатса немесе жер лайланып намаз оқуға қолайсыз болып т.б. осы сияқты кедергілер болса, онда намазды көлікте ишарамен оқуға рұқсат. Яғни, рукуғқа барғанда аздап иіліп, ал сәждеде көбірек иілесіз. Құбылаға жүзді қарату шарт емес [1]. Өйткені, кейде Алланың Елшісі мүмкіншілік жоқ жерде намазын түйенің үстінде отырып оқыған.  Бұған дәлел мына хадис:

Яғлә бин Әмия сахабаның риуаят еткеніндей: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) және оның ардақты сахабалары екі тау өткелінен өткенде төбелерінен жаңбыр жауып жер лайланады. Осы кезде намаз уақыты кірген еді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) азаншыға азан айтқызып, қамат түсіртеді де, өзі түйесінде отырған күйі жамағаттың  алдына шығып,  ишарамен намаз оқытады. (сол кезде) Сәждеге, рукуғтан көбірек иілген еді» [2].

[1] Маусули (р.а.), Ихтияр: 1-том, 262 бет;  Prof.Doktor H.Donduren: Delilleriyle Islam Ilmihali, 290 бет. Стамбул.
[2] Ахмад бин Ханбаль; Тирмизи - 411; Проф Доктор, Хусамудин әл Ғафана: Ясәлунака 2-том, 268 бет.
Абдусамат Қасым
date20.01.2013readCount10678categoryНамазprintБасып шығару