old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Ханафи мәзһабы бойынша дәрет жолдарынан тыс, дененің басқа да жерінен аққан нәжістер дәретті бұзады [1]. Құранда «аққан қанды» нәжіс деп айтқандықтан [2], денеден шыққан қан айналасына жайылса дәретті бұзады. Бұған мына хадис дәлел:
عن تميم الداري عن رسول الله – صلى الله عليه و سلم - انه قال: "الوضوء من كل دم سائل" اخرجه الدارقطني
Сахаба Тамим әд Дәри ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у) мына хадисті риуаят етеді: «Барлық аққан (жайылған) қаннан дәрет бұзылады» [3].