Намазда тұрғанда жел шыққандай болады. Бұдан дәрет бұзыла ма?
Намазда тұрғанда жел шыққандай күмән қайта-қайта туа береди. Шамамен 1 жыл болды сол күмәннан арыла алмай келемін. Бір намазды кемінде 2 рет дәрет алып оқимын. Сол күмәннан қалай арылсам болады? Ол үзірге жата ма?

Көп күмәндану шайтаннан. Егер де жел шыққандай сезілсе оның дыбысы немесе иісі болуы керек. Бұл екеуінің бірі болмаса онда сіздің дәретіңіз бұзылмады деп есептеледі. Ол үзірге жатпайды.

Ибн Аббастан риуаят етілген бір хадисте: "Адам артынан жел шыққандай бір нәрсенің жыбырлағанын байқайды. Шайтан осылайша адамды күмәндандырады. Ол күмән шайтаннан. Ол нәрсеге көңіл бөлмесін. Өйткені, иісі шықпай немесе дыбысы шықпайынша дәреті бұзылмайды" делінген.

date05.07.2017readCount8795categoryНамазprintБасып шығару