«Тәспі» бидғат па?
Намаздың соңында отыз үш рет СубханАлла, Әльхамдулиллә және Аллаху әкбар деп айтып жүрміз. Осы зікірлерді «тәспі» тартып айтса болады ма? Тәспі деген нәрсе Пайғамбарымыздың заманында бар ма еді? Тәспінің діндегі орны қандай? Рахмет.

Алланы еске алу (зікір) кезінде «тәспіні» қолдану – мубах, яғни әр мұсылманның өз еркіндегі іс. Шариғатта тәспіге, зікір айтарда қолданатын құрал ретінде қарайды. Исламға терістігі жоқ. Өйткені Пайғамбарымыздың көзі тірісінде тас түйіршіктерін, құрма сүйектерін тәспі ретінде қолданатын кейбір сахабалар бар еді. Бұған Сафия анамыздың (р.а.) мына хадисі дәлел: «Мен төрт мың жемістің сүйегімен Алланы ұлықтап (зікір етіп) отырғанымда ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) кіріп келді. (Қолымдағы жеміс сүйектерін көріп) Осыны қолданып Алланы зікір етіп отырсың ба? Саған, осы сүйектердің санынан да көп бір нәрсе үйретейін бе?, - деп сұрады. Мен «үйретіңізші» дегенімде, Ол (с.а.у.): «Жаратылыстардың саны қанша болса, сонша Алланы пәктеймін –деп айт!», - деді.»[1]   

[1] Тирмизи - 3554.
Абдусамат Қасым
date14.01.2013readCount6534categoryНамазprintБасып шығару