Ғұсыл алғанда бірінші әурет жер жуыла ма əлде ауыз шайыла ма?
Ассалаумағалейкүм!   Ғұсыл алғанда бірінші әурет жер жуыла ма əлде ауыз шайыла ма?

Уағалейкумассалам!

Ғұсыл құйынардан бұрын судың тазалығымен қатар, дененің нәжістен таза екеніне көз жеткізу міндет. Бұл дегеніміз - ғұсыл құйынардан бұрын қолын жуып, кейіннен сол қолымен денедегі нәжіс тиген жерлерді нәжіс кеткенше жақсылап жуып алу керек.  Нәжісті кетіру  үшін сабын, кірезгіш (мочалка) сияқты заттарды қолданса да болады. Нәжіс болған жерді жуып алғаннан кейін, қолын жақсылап сабынмен немесе басқа да кір еріткіш қоспалармен  жуу керек. Бұл нәрселер табылмаған жағдайда нәжісті жуған қолды  топыраққа немесе қабырғаға үйкеу арқылы тазалау қажет. Кейіннен  намазға дәрет алғандай етіп дәрет алады, тек аяғын ғұсылдан кейін таза жерге шегініп жуады. Ғұсыл құйынғанда дененің барлық жеріне үш реттен су тигізеді.

Ғұсыл құйынудың басынан аяғына дейінгі жасалатын амалдарды, біздерге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жұбайы Мәймуна анамыз (р.а.) «Сахих Бухариде» жеткізген мына бір риуаятымен баяндап берген болатын:  

«Мен бірде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.)ғұсыл суын дайындап бергенімде, Ол кісі (с.ғ.с.) суды оң жағына еңкейтіп (қолын салмастан) екі қолын  жуды, сосын астын жуып нәжісін кетірді. Кейіннен қабырғадағы қышқа қолын ысқылады[1], кейінен аузы-мұрнын шайды, бетін, қолын шынтақпен бірге жуып, қалған суды басынан төмен құйып барлық денесін жуды. Ғұсыл құйынып болған соң шетке шығып екі аяағын жуды[2], - деген.

Асқар Мұқанов


[1] «Жерге ысқылады» - деп те келеді.
[2] Сахих Бұхари, 249-шы хадис 

date04.01.2017readCount25235categoryФиқһprintБасып шығару