Намазды тақия киіп оқу шарт па?
Ассаламу алейкум! Ер адам намазда тақия немес бөрік сияқты бас киім киіп оқуға міндетті ме? Ата-бабаларымыздың тақия киіп оқуының себебі неде?

Уа алейкум ассалам!

Ер кісіге намазды тақия және сол сияқты бас киім киіп оқу – мұстахап амал. Ал, имамдыққа шыққан адамның тақиясы болғаны мақұлдырақ. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) солай оқыған.

Имам Науауи: «Ер кісіге ең жақсы киімін киіп және тақияда намаз оқуы – мұстахап»,[1] – деп жазған.

Ал, Ханафи мазхабы бойынша, жалқаулық себепті бас киімсіз намаз оқу – мәкрүк. Фиқх кітабында намаздағы мәкрүк амалдардың ішінде: «Жалаң бас намаз оқу. Жалқаулық себепті, бас киімсіз оқу»[2], – деп көрсетілген.

Міне, сол себепті біздің ата-бабамыз тақиясы мен бөрігін тастамаған. Дей тұрғанмен, тақия киіп оқу – намаздың басты шарттарының бірі емес. Тақиясыз оқылған намаз қате болып саналмайды. Бірақ, тақиямен намаз оқу – жақсы амал, мұстахап. Мұстахап – орындалса сауап жазылатын, ал орындалмаса жаза болмайтын амал.



[1] Раудат Толибин, 1/288
[2] Дурр Мухтар, 1/429

 

Руслан Камбаров
date21.11.2016readCount6980categoryНамазprintБасып шығару