old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Ханафи мәзһабы бойынша ифтитах тәкбірінде ер кісілер қолдарын құлаққа дейін, ал әйелдер кеуде тұсына, иық деңгейіне дейін көтеру – сүннет.[1] Уәйл бин Хижр есімді сахаба Пайғамбарымыздың мына хадисін риуаят еткен:
عن وائل بن حجر رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه و سلم: "يا ابن حجر اذا صليت فاجعل يديك حذاء اذنيك، والمرأة تجعل يديها حذاء ثدييها
«Уа, Хижрұлы! Намаз бастағанда екі қолыңды құлаққа дейін көтер. Ал, әйелдер кеуде тұсына көтерсін»[2]
Сондай-ақ, хадистің астарына ұңілсек әйел затының намаздағы басқа да әрекеттері (рүкуғта , сәжде, соңғы отырыста т.б.) әйелдік жаратылысына сай әрі жинақы күйде орындалуы керек екендігін аңғарамыз.