old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Уа алейкум ассалам!
Бес уақыт намаздан кейін зікір айтудың сауабы жайлы бірқатар риуаяттар келтіріледі. Соның бірі Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім әр намаздың артынан 33 рет Алланы пәктесе (Субхана Алла), 33 рет Алланы мадақтаса (Әлхамдулилла), 33 рет Алланы ұлықтаса (Аллаһу Акбар). Міне, бұл – 99, сосын жүзіншісін «Лә иләһа иллә Аллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуә алә кулли шайин Қодир» деп толықтырса, теңіз көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі[1]», – делінген.
Ал, Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында адамдар бес уақыт намазды өтеп кетіп бара жатқанда дауыстап зікір ету болған[2]»,-деп айтқан.
Демек, мешіттерде имамның дауыстап жамағатпен бірге тасбих тартып, дұға жасауы – шариғатымызда бар амал.