Жұбайлар жанасса ғұсыл алу керек пе?
  Ассаламу алейкум! Шариғатта сұрап-білгеннің айыбы жоқ деген ниетпен мына мәселені білгім келеді: Төсекте ерлі-зайыптылар жыныс мүшелері бір-біріне тисе ғұсыл алу парыз ба? Ержан  

Уа алейкум ассалам!

Ер кісі жыныс мүшесінің басы әйелдің жынысына енсе ғұсыл алу міндет болады[1]. Мұндайда мәни шықса да, шықпаса да толығымен жуыну парыз.

 Бұған негіз ретінде мынадай хадистер бар:

1.Әбу Мұса Ашғари (р.а.) риуаяты: «Бір топ мұхажир және ансар сахабалар тартысып қалды. Ансарлықтар: «Ғұсыл тек ұрық атып шықса ғана міндет болады»,-деді. Ал, мұхажирлер: «Ерлі-зайыптылар жанасса ғұсыл міндет»,-десті. Әбу Мұса: «Сендердің мәселелеріңді мен шешіп беремін»,-деп мұсылмандар анасы Айшаға (р.а.) барып сұрады. Ол Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ер кісі әйеліне жақындап, бірінің мүшесі біріне жанасса ғұсыл міндет»,-деген еді,-деп жауап берген[2]»;

2.Абдулла бин Уаһб риуаяты: «Егер екі жыныс мүшесі жанасып еркек мүшесі әйелге енсе ғұсыл құйыну міндет. Ұрық шықса да, шықпаса да[3]»; 

[1] Мұхтасар Уиқая, 38-бет

[2] Муслим

[3] Муснад

Руслан Камбаров
date27.01.2016readCount17146categoryҒұсыл-дәретprintБасып шығару