Әйел затына қолың тиіп кетсе дәрет бұзылмайды дегеннің дәлелі бар ма?
Туысқан, бауырлас апке-қарындастарыммен амандасқан жағдайда және жалпы әйел затына қолың тиіп кетсе дәрет бұзылмайды дегеннің дәлелі бар ма?

 

Ханафи мәзхабы бойынша бұған дәлел төмендегідей:

عن عروة بن زبير عن عائشة رضي الله عنها: "ان الرسول الله صلى الله عليه و سلم  قبل بعض نسائه ثم خرج الى الصلاة ولم يتوض.. ". رواه ابن ماجة

Айша (р.а.) анамыздан: «Алла Елшісі жұбайларының бірінің бетінен сүйді де, қайта дәрет алмастан намазға шықты...»-,[1] делінген хадис риуаят етілді.  Яғни, әйел затына қолымыздың тиюі себепті дәрет бұзылмайтынын осы хадистен аңғарамыз.

[1] Ибн Мәжаһ – 1:38.
Абдусамат Қасым
date05.01.2013readCount5556categoryФиқһprintБасып шығару