Қандай заттарға таяммум соқсам болады?
Сәлеметсіздер ме!  Сіздерден сұрағым келгені: Кейде күннің суығында немесе ауырып тұрғанымда суды қолдануға мұршам болмайды. Сол жағдайларда таяммум алайын десем, қандай нәрселерге аларымды білмеймін, себебі жердің бәрі қармен жабылып тұрады. Сұрақ:  Қандай заттарға таяммум соғуға болады?  Баян

Сәлеметті болыңыз Баян ханым!

Кімде-кім шамамен екі шақырымдай ұзақтықтағы суға жете алмаса немесе науқастанып тұрса, әлде күннің суықтығынан қауіптенсе, яки су алатын ыдыс таба алмаса және тағы осы сияқты қиындықтар себепті суды қолдана алмаған жағдайда, «жер жынысына» жататын барлық затқа таяммум соқса болады.[1] Жер жынысы деп – отқа жанбайтын және ерімейтін барлық[2]  жер тектес заттарды айтамыз. Мысалы, шаң-тозаң, топырақ, тас, кірпіш, бетон, әктас, цемент т.б.

Ал ағаш, шөп, темір, әйнек, пластмасса, резинка сияқты отқа жанатын заттар мен еритін заттар жер жынысына жатпайды.  Сондықтан бұларға таяммум соғу дұрыс емес.

[1] Маусули, Ихтияр, 1-том, 81-бет.
[2] Әл Кәсәни, Бадайғ, 1- том, 339 бет.
Абдусамат Қасым
date03.01.2013readCount5367categoryҒұсыл-дәретprintБасып шығару