old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Дәрет аларда жуылуы тиіс болған ағзаларды жуу парыз. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әй мүміндер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды екі тобыққа дейін жуындар»[1], – деген.
Ал, су болмай, қармен дәрет алсаңыз, онда жуу парыз болған ағзаларды, қармен ысқылағанда қар еріп, кемі екі-үш тамшы су ағуы керек. Сонда ғана дәрет жарамды болып есептеледі. Ал қармен ысқылағанда су тамшыламаса, онда ол дәрет алған болып есептелмейді.[2] Себебі, ол жуылған болып саналмайды.