Дәрет алып, тұрып намаз оқуға мүмкіндігі жоқ жолаушыға намазын қалай өтесе болады?
Ассалаумағалейкум! Мен Алматы мен Астананың арасында жұмыс сапарымен жиі жүремін. Көбіне ұшақпен жүремін. Кейде автобуспен не пойызбен де жүретін кездер болады. Осындай сапарларда рукуғ және сәжде жасауға, не дәретхананың тарлығынан, сондай-ақ қысты күні Air Astana компаниясының ұшақтарында судың қатып қалуына байланысты дәрет алуға мүмкіндік болмайды. Осындай жағдайларда намазды қалай оқуға болады?

Уағалейкумсалам!

Көлікте келе жатқанда парыз намаздарды өтеу үшін дәрет алу, Құбыланың бағытын табу т.б. секілді міндетті шарттарды орындау қажет екенін есіңізге салғымыз келеді. Ал егер ұшақта, пойызда не автобуста дәрет алуға ешқандай мүмкіндік болмай, рукуғ пен сәжде жасайтын жер таппасаңыз, онда бұл жағдайда таяммум алып, намазды отырып оқуға болады. Бірақ, жолдан келген соң бұл намаздарды қайта оқып шығуыңыз керек. 

date13.12.2012readCount7994categoryНамазprintБасып шығару