old.muslim.kz Шағбан айындағы ораза жайлы хадис бар ма? - Muslim.kz
Шағбан айындағы ораза жайлы хадис бар ма?
Ассаламу алейкум!
Шағбан айында ораза тұту жайлы хадис бар ма?

Уа алейкум ассалам!
Усама бин Зайд (р.а.) риуаят етеді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) бірнеше күн ораза тұтатын, тіпті біз «сірә, енді ауызын ашпайтын шығар» деп ойлайтынбыз. Сосын көп уақыт ауыз бекітпей жүретін. Тек жұмасына екі күн ғана ораза ұстайтын. Шағбан айында тұтқандай басқа айларда ораза ұстамайтын. Мен ол кісіге: «Уа, Алла елшісі! Сіз ұзақ күндер енді ауыз ашпайтындай ораза тұтасыз, сосын ұзақ күндер енді ораза тұтпайтындай ауыз бекітпей жүресіз, тек жұмасына екі күн ғана ораза боласыз», – дедім. Ол кісі: «Қай екі күн?» – деді. «Дүйсенбі мен бейсенбі», – дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Бұл екі күнде амалдар әлемдер Раббысының құзырына көтеріледі. Амалдарым Алла құзырына көтерілген кезде аузым берік болғанды қалаймын», – деді. Мен: «Сіздің шағбан айында ораза тұтқаныңыз сияқты басқа айларда ауыз бекіткеніңізді көрмедім», – дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Бұл – Ережеп пен рамазанның ортасындағы адамдар ескере бермейтін ай, бұл амалдар әлемдер Раббысы құзырына көтерілетін ай. Менің амалдарым көтерілгенде ораза тұтқан күйде болғанды жақсы көремін,-деді[1]».
Аталмыш хадисте пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жылдың қай мезгілінде, қалай ораза тұтатындығы баяндалған. Апта ішінде дүйсенбі және бейсенбі, ай ішінде ортаңғы күндер, жыл ішінде рамазаннан бөлек ең көп ораза тұтатын айы шағбан екенін байқауға болады.



[1] Ахмед, Насаи

Руслан Камбаров
date02.06.2014readCount7102categoryОразаprintБасып шығару