Мысық алдымды кессе, намазым бұзыла ма?
Ассаламуалейкум!
Мысық асырауға болады ма? Намаз оқығанда алдымнан өтсе, намаз бұзылады ма? Мысық тамақты иіскеген болса, ол тамақты адам жеуіне болмайды ма? Әлде беткі жағын алып, жей берсе болады ма? А.Курсабаева

Уа алейкум ассалам!
Пайғамбарымыздың сахабасы Әнас бин Малик риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) Мадинаның маңайындағы Бутхан деген елді мекенге барады. Дәрет алмақ болып: «Әй, Әнас! Су құй», – дейді. Мен дәрет су құйдым. Бір мысық ыдыстағы суды жалады. Сон уақытта пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әнас! Мысық үй жануары, ол ешбір нәрсені лас етпейді және ешбір нәрсені нәжіс етпейді[1]»,–деді.

Әбу Қатада баласының үйіне келеді. Келіні Кабшат Кағбқызы қайын атасына дәрет су әзірлеп береді. Ол дәрет алмақ болып отырғанда мысық су ішкісі келіп жанына барды, Әбу Қатада мысық су ішсін деп ыдысының шетін қисайтты. Келінінің таңданып тұрғанын көріп: «Алла елшісі (с.ғ.с.) «Расында мысық нәжіс емес, сендердің үйлеріңде жүретін жануар[2]» деп айтқан екен. Фиқ кітаптарында[3] үй мысығының сілекейі нәжіс емес, бірақ танзил макрук болып табылады», – деп айтады.

Қорыта айтқанда, мысық үйдің жиһазын, кілем мен жайнамазды нәжіс етпейді. Намазды бұзбайды. Бірақ, ас үйден аулақ ұстаған жөн. Сұйық тамаққа тисе, төгіп тастаған жөн. Ал, қою тамаққа тисе сол бетін алып тастап пайдалануға болады. Өйткені, мысық ауру тамысалдаушы болуы да ықтимал. Сондықтан, мысықты таза ұстаған жөн.



[1] Насб Роя
[2] Тирмизи, Әбу Дауд
[3] Әл-Лубәб, Тәсһил әд-Дарури

date28.05.2014readCount10057categoryНамазprintБасып шығару