Намаз оқығанда тілді қимылдатып, ерін жыбырлату міндетті ме?
Ассалаумағалейкум! Біз әріптестерімізбен бесін және екінті намаздарын жұмыстағы кеңседе оқитын едік. Көбіне имамдыққа өзім шығамын. Бұл күндізгі намаздарды іштей оқу қажет дейді. Осы жерде «іштей оқуды» түсіндіріп берсеңіз. Жақында іштей оқығанның өзінде тілді қимылдатып, ерінді жыбырлату керек деп естідім. Сол дұрыс па? 

Уағалейкумсалам!

Іштей оқылатын күндізгі намаздарды өзіңіз еститіндей баяу үнмен оқу қажет. Ол, әрине, ерін мен тілдің қатысуымен оқылады.

Әбу Қатада (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Бесін намазының алғашқы екі рәкәтін оқығанда Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Фатиха» сүресіне қосып тағы бір қосымша сүре оқитын. Ал соңғы екі рәкәтінда тек «Фатиханы» ғана оқушы еді, кейде Пайғамбарымыз соны не басқа аятты оқитынын да еститін едік», - делінген. Осыдан-ақ, біз Пайғамбарымыздың күндізгі намаздарды артындағылар еститіндей үнмен оқығанын байқаймыз. 

date11.12.2012readCount7050categoryНамазprintБасып шығару