Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Уағалейкум ассалам!
Дәрет алғанда әрбір ағзаны үш рет жуу – сүннет. Ал, бас пен құлаққа мәсіх бір рет тартылады. Бұл да сүннет.
Әбу Хаят: «Мен Әлидің (р.а.) қос қолын білезікке дейін тазалап жуып, сосын үш рет ауыз шайғанын, үш рет мұрын шайғанын, үш рет бетін жуғанын, үш рет қолын шынтағымен қоса жуғанын, басына бір рет масих тартқанын және екі аяғын тобығымен бірге үш рет жуғанын, соңынан түрегеп тұрып қалған дәрет суынан ішіп, «Мен сендерге Алла елшісінің (с.ғ.с.) қалай дәрет алғанын көрсеткім келді» дегенін көзіммен көрдім[1]», – дейді.
Ал, су тапшы болған жағдайда дәрет кезінде жуылатын дене мүшелерін бір рет жууға рұқсат етіледі. Әбу Һурайрадан (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) дәрет алып дене-мүшелерін бір-бір реттен жуды да: «Бұл Алла тағала қабыл ететін дәрет», – деді. Сосын екі-екі реттен жуып: «Бұл Алла тағала сауабын екі есе ететін дәрет», – деді. Соңыра үш-үш реттен жуып дәрет алды да: «Міне, бұл менің дәретім және менен алдын өткен пайғамбарлар дәреті»,– деді[2]»,– деген риуаят бар.