Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
Перзентті болған адамға сүйінші хабар айтып, қуанту – мұстахап амал. Бұл туыстық қарым-қатынасты күшейтіп, отбасы аралық ыстық сезімдерді нығайтады. Құран Кәрімде: «(Алла): «Әй, Зәкерия! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік.[1]»,-деген аят осыны аңғартады.
Ал, нәрестелі болған адамға құттықтау ретінде әл-Хасан әл-Басриден (р.а.) риуаят етілген дұғаны айту – мұстахап. Ол кісі бір адамға құттықтау жолын үйретіп: «Бәрәкә Аллаһу ләкә фил мауһуби ләкә, уә шәкәртә әл-Уәһибә, уә бәләғо әшуддәһу, уә рузиқтә бирроһу» (мағынасы: Алла тағала саған берген сыйын (баланы) берекетті, құтты етсін. Сыйлық берушіге (Алла тағалаға) шүкіршілік ет, бала есейсін және саған баланың жақсылығын көруді жазсын),-деп айт[2]»,-деген екен.
Байқасаңыз, бұл құттықтау қазақтың «бауы берік болсын, үлкен азамат боп ер жетсін, ата-анасына мейірімді болсын» деген тілектерден алыс емес.
Сонымен бірге, құттықтаушыға жауап ретінде: «Алла тағала саған берекет берсін, саған да нәсіп етсін», – деп алғыс білдіруге болады.
Бұл құттықтау сөзі – ұл мен қызға ортақ. Сонымен бірге, қыз баладан ұлды артық санағандықтан «Атқа мінер туды ма, тон пішер туды ма?»,-деп сұраған жөнсіз. Айша анамыз (р.а.) әдетте «Аман-есен туды ма?»,-деп сұрайтын көрінеді. Бұл да қазақтың бала күтіп жүрген келіншекке «Аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал»,-деген тілегіне ұқсайды.