Қандай орында намаз оқуға тыйым салынады?
Ассаламу алейкум!
Қандай орындарда намаз оқуға болмайды? Жақсылық

Уа алейкум ассалам!
Намаздың сыртқы шартының бірі құлшылық орын тазалығы екені мәлім. Бұған – Құран Кәрімнің: «...Менің үйімді (Кағба және мешіттерді) тауап етушілерге, тік тұрып, рукуғ және сәжде жасап құлшылық етушілерге таза ұста[1]» деген аяты негіз.

Сондықтан таза емес орында намаз оқуға болмайды. Бұған қатысты Ибн Омар (р.а.) риуаятында: «Пайғамбар (с.ғ.с.) жеті орында намаз оқуға тыйым салды, олар: мал тезегі тасталған төбе, мал сойылатын орын, зират, жол ортасында, моншада, түйе шөккен жерге және Алла үйінің (Кағбаның) төбесінде[2]», – деп санамалап айтылған.

Хадисте көрсетілген орындарға тыйым салу себептерін түсіндірер болсақ, жол ортасында құлшылық қылу намазханға да, көшедегі адамдарға да кедергі келтіреді, Кағба төбесінде оқу құрметсіздік. Ал, қалған орындар лас және нәжіс болғандықтан құлшылық етуге болмайды. Сондықтан, осы хадис негізінде, иісі мүңкіп тұрған, адамға жағымсыз басқа да орындарда намаз оқуға болмайды.

Ал, бұдан басқа кез келген жерде құлшылық етуге шариғат рұқсат етеді. Бұл туралы сахаба Әбу Зар (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Алла тағала маған жер бетін намаз оқитын және таза орын етіп берді[3]»,-деген сөзін риуаят етеді.



[1] Хаж сүресі, 26-аят
[2] Ибн Мажаһ, Термизи
[3] Муснад Шиһаб, 3-бөлімі, 1037

date28.03.2014readCount8804categoryНамазprintБасып шығару