Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Уа алейкум ассалам!
Мұсылманның күнделікті жасайтын іс-әрекеті: парыз, уәжіп, сүннет, мұстахаб (мәндуб), харам, макрук, мубәх боп бөлінеді[1]. Кез келген амал осы айтылған топтың біріне жатады.
Мұстахабтың сөздік мағынасы: сүйкімді, талғамды және жақсы деп қабылданған іс.
Шариғи анықтамасы: Мұстахаб амалды істеген адамға сауап жазылады, істемеген адамға кінәрат тағылмайды.
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тамақтану, сусын ішу, ұйықтау, жүріс-тұрыс және т.б. күнделікті қарапайым адам ретінде жасаған амалдары жатады[2]. Осы амалдарды Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жасағандай етіп айна-қатесіз жасау – мұстахаб.
Мұстахаб амалдар – құлшылық пен адами қатынастарды көркемдейтін, руханиятқа толы болуын қамтамасыз ететін әдептілік пен көркем мінез негіздері іспетті. Сондықтан, мұстахаб – мәндуб, әдеп және фазилет деп аталады.