Намаз оқушының алдын кесіп өту күнә ма?
Ассалаумагалейкум ағалар!
Мен өткен жолы мешітте намаз оқып тұрған бір кісінің алдын байқаусызда кесіп өттім, енді не етсем болады? Бұл мен үшін уайым  болып отыр, күнәмді қалай жуып-шайсам болады?  Сталкер

Уа алейкум ассалам!
Кісі далада немесе ғимарат ішінде намаз оқығанда алдына сутра қойғаны дұрыс. Сутра[1] ұзындығы кем дегенде бір қарыс, ал жуандығы саусақтан жіңішке болмағаны жөн. Егер таяқ табылмаса тас немесе кесек қоюға болады. Тіпті, затын қойса да немесе сызық сызып қойса да жарайды. Бұған қатысты Әбу Һурайра (р.а.): «Сендердің бірің намаз оқыса, бет алдына бір нәрсе қойсын, таппаса таяқ қадасын, таяқ болмаса сызық сызып қойсын. Осылай етсе, алдын кесіп өткеннен зияны болмайды[2]»,-деген хадис риуаят еткен.

Фиқһ ғұламалары бірауыздан намаз оқушының алдын ешбір қажеттіліксіз кесіп өтуге болмайды деп пәтуа берген. Бұған Әбу Нәдірдің Әбу Жуһайымнан риуаят еткен мына хадисі: «Намаз оқушының алдын кесіп өткен адам, өзінің не істегенін білсе, намазханның алдын кесіп өткенше қырық (Әбу Надр: қырық күн, ай немесе жылды айтқанын білмеймін) тұрғаны жақсырақ болар еді[3]»,-дәлел болмақ.

Осыған орай, ғұламалар:

1.Намаз оқушы алдына арнайы сутра қоймай және адам өтетін жолда оқып жатса, басқа жол болмағандықтан оның алдын кісі кесіп өтсе намаз оқушы кінәлі болады;

2.Намаз оқушы алдына сутра қоймаса, бірақ шеттеу жерде оқып тұрса, оның алдын адам кессе, екеуі де кінәлі;

3.Намаз оқушы алдына сутра қойып оқыса, ешбір себепсіз біреу тосқауыл арасынан өтіп кетсе, алдын кесуші кінәлі болады;

4.Сутра қойып намаз оқып жатқан адамның алдын үзірлі себеппен амалсыз кесіп өтсе, ешбіріне күнә болмайды. Алла тағала білуші[4].

Қорыта айтқанда, намаз оқушы өзінің ғибадатына және басқалардың жүріп-тұруына кедергі болмайтындай жай таңдауы қажет. Сонымен бірге, мешітке құлшылыққа келген адам басқа мұсылман бауырлардың да намазына зияны тимеуін ескеру керек.

 



[1] Сутра – перде, бөгет, тосқауыл. Намаз оқушының сәждеге бас қоятын орнынан бір шама ілгері етіп бір
[2] Ахмед
[3] Бұхари
[4] Фиқһ Уадих, 1-том, 200-бет

date03.03.2014readCount7314categoryНамазprintБасып шығару