Тәспі қолдану бидғат па?
Ассалам алейкум!
Менің сұрағым, намаздан соң субхана Аллаһ, әлхамдулиллаһ, Аллаһу Акбар зікірін айтқанда, тәспі қолдану бидғат дейді. Соның жайын түсіндіріп берсеңіз, рахмет! Талғат Құралов

Уа алейкум ассалам!
Хафиз бин Хажардың кітабында былай айтылады: «Намаз соңынан айтылатын зікірлер санына белгілі сауап бар. Ол сандардың бір сыры бар болу ықтималдығынан бекітілген саннан көбейтсе, арнайы сауабы зая кетеді. Ал, сол сауап әдетте санын арттырумен жоғалады[1]».

Сонымен бірге, шариғатта мұстахаб деп көрсетілген амалдарды мөлшерінен арттырып жіберу мәкрук. Өйткені, ғалымдар бір амал белгілі бір мөлшерде болса, сол шекте болуы дұрыс санайды. Ал, ол мөлшерден асып кету әдепсіздік деп білген[2].

Зікір айтуда тәспі қолданудың ешбір әбестігі жоқ. Тәспі қолдану адамды қателесіп, кем немесе артық айтудан сақтандырады.


[1] әд-Дин әл-Холис
[2] Әл-Фиқһ Уадих, 1-том, 198-бет

date25.02.2014readCount6408categoryНамазprintБасып шығару