Тәубе намазы қалай оқылады?
Ассаламуалайкум!
Сіздерге көп рахмет! Сұрактың жауабына толық түсінікті етіп жауап бересіздер. Сіздерге Алланың нұры жаусын! Ендігі сұрағым,  Аууабин (тәубе) намазы калай окылады ?
Перизат Үркен

Уа алейкум ассалам!
Тәубе – нәпіл намаздардың бірі. Аталмыш намазды кейде «аууабин намазы» деп те атайды. Бұл намаз жайлы Әли (р.а.): «Маған Әбу Бәкір (р.а.): «Мен Алла елшісінен: «Кісі күнә жасап қойса, артынша тез дәрет алып намаз оқып Алла тағаладан кешірім сұраса, күнәсін кешеді,– деп айтты да, – «Ал, олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды[1]» деген аятты оқыды[2]»,- дегенін естідім», –деп риуаят еткен.

Әрине, бұдан күнә жасап, тәубе намазын оқыса болады екен деген жансақ пікірден аулақ болу керек. Тәубе намазымен бірге тәубенің шарттары да қоса орындалуы тиіс, олар:

1.Күнәдан лезде тиылу;
2.Бар жүрегімен қателігіне өкіну;
3.Күнәні қайта жасамауға бел буу;
4.Соңғысы, күнә басқа бір кісіге қатысты жасалса, зардап шеккеннің ризалығын алу.


[1] Әли Ғимран сүресі, 135-аят
[2] Термизи, Ибн Мажаһ

date21.02.2014readCount19981categoryНамазprintБасып шығару