Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Уа алейкум ассалам!
Денеге немесе киімге нәжіс тисе, дәрет бұзылмайды. Ал, емізулі баланың кіші дәретіне қатысты мынадай риуаяттар бар:
1.Айша (р.а.) анамыз айтады: «Алла елшісінің (с.ғ.с.) қолына емізулі баланы берген еді, сәби (пайғамбар үстіне) кіші дәретке отырып қойды. Пайғамбар (с.ғ.с.) су алдырып дәреттің үстіне су бүркті[1]».
2.Тахауи Үмму Фадлден (р.а.) риуаят етеді: «Ұл баланың кіші дәретіне су себіледі, ал қыз баланың дәреті тиген жер жуылады[2]».
Демек, емізулі ұл баланың кіші дәреті тиген жерге су бүрку жеткілікті. Ал, қыз баланың және емшектен шыққан, өз бетінше тамақтанатын ұл баланың кіші дәреті – нәжіс. Және тек нәжіс тиген жер жуумен тазаланады.