Пайғамбарымыздың шапағатшы болуын сұрауға бола ма?
Ассалаумағалейкум! Азан шақырылғаннан кейінгі оқитын дұғамызда «уарзукна-шафагатаху иумаль кияма» (Қиямет күні Оның (Мұхаммедтің) (с.ғ.с) шапағатшы болуын нәсіп ет) деген сөздерді қосып айту дұрыс па?

Негізінде азаннан кейінгі дұғамызда «уарзукна шафагатаху иумаль кияма» сөздерін айту міндетті емес, дегенмен шариғатқа қарсы келмейді. Муслимде келген бір хадисте азан шақырылғаннан кейін Алла Елшісі (с.ғ.с) үшін қылған дұғамызға орай Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қиямет күнінде бізге шапағатшы болатынын жеткізген.

Сондықтан да, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі азаннан кейінгі дұғамыз үшін шапағатшы болатынын ескерткен болса, дұға соңында тағы да бір тілек айтып, жалбарынғанымыздың еш ағаттығы жоқ. 

Максатбек Каиргалиев устаз р-кой мечети Хазрат Султан
date06.01.2014readCount6709categoryНамазprintБасып шығару