old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Уағалейкум ассалам!
Қисайған тіске «брекет» (тісті түзететін медициналық қапсырма) тағып, оны түзетуге шариғат тұрғысынан рұқсат. Дәретке де еш кедергісі жоқ. Біріншіден, дәретте ауызды шаю – сүннет. Екіншіден, бұл жарақат үстіне оралған таңғыш іспетті болғандықтан әлгі қапсырмалар себепті тістің кейбір жерлеріне судың тимеуі дәретке де, ғұсылға да залалы тимейді[1]. Бұған қатысты ханафи ғұламасы Имам әл-Маусулидің де мынадай тұжырымы бар: «...Егер аяғының жарылған жеріне дәрі қойса және сол себепті теріге су жұқпайтын болса, дәрінің үстінгі бетінен судың ағуы жеткілікті»[2].