old.muslim.kz Неге пайғамбарымыз дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекіткен? - Muslim.kz
Неге пайғамбарымыз дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекіткен?
Ассалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух... Алла тағала ілімдеріңізді арттырсын... Осы дүйсенбі мен бейсенбі күндерінде ораза ұстаудың үкімі қандай? Шариғатта бұлар қандай күндер болып есептеледі? Толық айтып кетсеңіздер... Байжанақов Ахат Төлегенұлы

Уағалейкум ассалам!

Ахат, аптаның дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстаудың үкімі – сүннет, яғни Мұхаммедтің (с.ғ.с.) істеген іс әрекеті. Айша анамыздың айтуы бойынша пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстауға аса мән берген[1]. 

Осы екі  күні апталық істеген істеріміз Аллаға ұсынылып, Оның құзырына көтеріледі. Пайғамбарымыздың аталмыш екі күні арнайы ораза ұстауының себебі сол. Алла елшісі өзінің бір хадисінде бұл жайында былай дейді: 

  • Дүйсенбі күні мен бейсенбі күні (апталық)істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын»[2]
[1]Тирмизи, Саум – №745 хадис.
[2]Тирмизи, Саум – №747 хадис.
Абдусамат Қасым
date23.12.2013readCount38645categoryОразаprintБасып шығару