Кекеш кісіге ұйып, намаз оқысам бола ма?
Әссәләму ғалейкум! Менің сіздерден сұрайын дегенім, намазда тұтығып қала беретін кісінің арқасында тұрып, ұйысам бола ма? Мысалы, ол бір аяттың соңғы сөзін екі-үш рет қайталай береді? Айдос.

Уағалейкум ассалам!
Намазда имам болатын кісі мұсылман, балиғатқа жеткен, ақыл-есі дұрыс, Құран оқи алатын, сақау немесе кекеш емес, дәретті жиі бұзатын үзірі жоқ[1] және ер кісі болуы тиіс[2]. Құранды дұрыс оқитын кісі тілі сақау немесе кей дыбыстарды айта алмай тұтығып қалатын кекеш кісіге (намазда) ұйымайды[3]. 

Сондықтан, сіз сұрап отырған кісіге ұйымай, өзіңіз жеке оқығаныңыз дұрыс.

[1]Үзір иесінің дәреті жайында: http://muslim.kz/kk/question/282-divertikulezge-shaldyqqan-adam-ar-namazga-daret-ala-ma.html
[2]Ибн Абидин, әл-Хадия – 81 бет.
[3]Әл-Мухит әл-Бурхани – 1/321 бет; Раддуль Мухтар – 2/328 бет.
Абдусамат Қасым
date21.12.2013readCount5558categoryНамазprintБасып шығару