Сәждеде көзді жұма ма?
Ассаламуғалейкум! Сәжде жасағанда көз жабық болады ма әлде ашық па? Қыдыр Рысдаулетов

Уағалейкум ассалам! Қыдыр, жалпы намазды көзді жұмып оқу – жеңіл мәкрүһ[1]. Себебі, сахаба Абдулла ибн Аббас жеткізген хадисте Алла елшісі: «Кімде-кім намаз оқыса, көзін жұмбасын»[2],деген. Сондықтан да, намаз оқып тұрған кісі көзін жұмбай қиямда сәжде жасайтын жеріне[3], рукуға барғанда аяғына, кағдада екі тізесінің ортасына, ал сәждеде мұрнының ұшына қарайды (көзді жұмбайды)[4].  

[1]Бадаиғ –2/81 бет.
[2]Әл-Һәйсәми – №2450 хадис.
[3]Байхақи – 2/403 бет. №3545 хадис.
[4]Мухтасар ат-Тахауи – 28 бет.
Абдусамат Қасым
date05.12.2013readCount10230categoryНамазprintБасып шығару