old.muslim.kz Қолымның суға аллергиясы бар, не істеймін? - Muslim.kz
Қолымның суға аллергиясы бар, не істеймін?
Әссәләмуғалейкум! Сұрағым: Сіңлімнің қолының суға аллергиясы бар. Не істесе болады? Тәйәммум алып намаз оқып жүр. Оқыған намазы дұрыс па?  Осы сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын! Алла разы болсын! Жас Отан Кеңтау.

Уағалейкумассалам! Шариғат бойынша жарақат, жара немесе сыныққа су тигізу зиян болып жатса, дененің әлгі  жеріне мәсих тартылады (сипайды) да сау жерлері жуылады[1]. Әбу Дәуідте келген бір риуаятта, сахаба Жәбір былай дейді:

  • «Біз жолда едік. Арамызда тас тиіп, басы жарылған кісі бар еді. Ол жүнүп болып қалып, бізден: «Мен (шомылмай) тек тәйәммум алсам, жеткілікті ме, қалай ойлайсыңдар?, – деп сұрады. Біз оған: «Жоқ. Өйткені, сенде сумен шомылу мүмкіншілігі бар», – деп жауап берген едік. Осыдан кейін, әлгі кісі шомылғандықтан қайтыс болып кетті. Біз келгеннен кейін, мән-жайдан хабардар болған Алла Елшісі: «Олар оны өлтірген екен. Оларды Алла өлтірсін! Білмейтін болса сұрап алмайды ма?! Сөзсіз надандықтың емі – сұрап білу. Оған тәйәммум соғып алып, жарақатына таңғыш таңып, сол таңғышқа мәсіх тартып, қалған жерлерін жуса, жеткілікті еді»[2],– деп ренжіген.

Ендеше, қолына медициналық қолғап киіп, су тимеуін қамтамасыз ете алатын болса,  өзге судан залал шекпейтін жерлері (бет, аяқ, басқа мәсих тарту)  мүмкіндігінше жуылуы керек. Одан да зияны болып жатса, тек тәйәммум соғып намазын оқи береді.

[1]Толық мағлұмат үшін мына сілтемеге кіріңіз: http://muslim.kz/kk/question/423-betime-su-tigizuge-bolmaidy-daret-alganda-ne-isteuim-kerek.html
[2]Әбу Дәуід, бәбу филь Мәжрух – №336 хадис.
Абдусамат Қасым
date28.11.2013readCount6118categoryҒұсыл-дәретprintБасып шығару