old.muslim.kz
Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Сәлеметсіз бе! Бәлхия, шариғат бойынша жарақат, жара немесе сыныққа су тигізу зиян болып жатса, дененің әлгі жеріне мәсих тартылады (сипайды) да сау жерлері жуылады.
Ал, егер мәсих тарту да залалын тигізсе, таңғышпен таңып, үстінен мәсіх тарту, яғни сипалау жеткілікті. Таңғыш үстіне мәсіх тартар кезде, тура жара орнына мәсих тартып, мүмкіндік болса, таңғышты шешіп қалған сау жерлерін жуған жөн. Шешуге мүмкіндік болмаса, үстінен мәсіх тарта береді[1].
Бұл жағдайларда «мәсих тарту жеткілікті» дегенге дәлел келтірер болсақ, Әбу Дәуідте келген бір риуаятта, сахаба Жәбір былай дейді:
Сіздің жағдайыңызда не істеген дұрыс?
Имам Ағзам Әбу Ханифадан келген бір пәтуа бойынша, егер мәсіх тарту да зиян тигізсе, ол жерге мәсіх те тартпайды делінген. Сондықтан, бетіңізге мәсих тарту да зиянды болса, бетіңізге мәсіх тартпай, сол күйінше қалдырып, қалған жуылуы керек ағзаларды жуасыз.
Ал, енді шашыңызға су тигізбеу жайында айтар болсақ, ғұсыл немесе дәрет алу барысында бастың ең кемі үш саусақ көлеміндей кез келген (шүйде, самай, төбе шашы) сау жері болса, онда сол жерге мәсіх тартылуы тиіс[3]. Ал, егер еш жеріне су тигізбеу керек болса, бұл жағдайда басыңызға орамал тағып, үстінен мәсіх тартасыз.