Иттің терісінен тігілген мәсіні киюге бола ма?
Ассаламуғалейкум!Қазір иттің терісінен тігілген мәсілер шығып жатыр. Ішінде жүні бар. Соны киіп, намаз оқуға бола ма? Нұржан Жұмадилов

Уағалейкумуссалам!
Иттің сілекейі – нәжіс. Ал, оның иленген терісі және жүні таза, нәжіс емес[1]. Терісінен жасалған түрлі бұйымдарды қолдануға болады. Осы себепті де, иттің терісінен жасалған мәсіні де киюдің шариғат тұрғысынан еш ағаттығы жоқ. Намазға немесе дәретке кедергі келтірмейді.

[1]Ибн Абидин, РаддульМухтар – 1/362 бет.
Абдусамат Қасым
date12.11.2013readCount7622categoryҒұсыл-дәретprintБасып шығару