Бесінге ниет етіп, екінті намазын оқыған дұрыс па?
Ассалаумағалейкум!
Егер де бір жерде жамағат екінті намазын оқып жатқанда, артынан басқа адамдар келіп білместен бесін намазына ниет етіп, имамға ұйыса, қалай болады? Не істеу керек мұндай жағдайда? Рахмет. Қазыбек.

Уағалейкумуссалам! Қазыбек, Ханафи мәзһабы бойынша, намазда біреуге ұюдың шарты – имамның да, ұюшының да оқып жатқан парыз намаздары бір болуы тиіс. Сол себепті, бесін оқығысы келген кісінің асыр оқып жатқан кісіге барып ұюы дұрыс емес. Бұл жағдайда ұйыған кісінің намазы бұзылады, имамның емес.

Бірақ, нәпіл оқушының парыз намазын оқып тұрған имамға ұюына болады[1].

[1] Әл-Биная – 2/364, 367 бет;
     Әл-Фәтәуәл Һиндия – 1/102 бет.
Абдусамат Қасым
date21.10.2013readCount4847categoryНамазprintБасып шығару