old.muslim.kz Айт күндері кір жууға бола ма? - Muslim.kz
Айт күндері кір жууға бола ма?
Ассалаумағалейкум! Өткенде көршім айт күні кір жууға болмайды деді. Шынымен де, шариғатта айт күндері кір жууға болмайды деген бар ма? Серік

Уағалейкумуссәләм! Серік, «Тазалық – иманның жартысы...»[1] деген сөз шариғатымызда тазалықтың қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Сондықтан да,  тазалықтың ыңғайы сол айт күндеріне сай келіп тұрған кісіге кір жууы күнә емес. Ал, халық арасындағы «айт күндері кір жууға болмайды» деген түсінікті ырым немесе шариғи тыйымға баламай, осы күндері келетін қонақтармен жағаластырып кір жумағаны дұрыс деп таныған үлкендердің кеңесі ретінде қабылдаған жөн.

[1] Сахих Муслим, Тахарат – 223 хадис.
Абдусамат Қасым
date12.10.2013readCount21820categoryҚұрбанprintБасып шығару